Компания туралы
«OGEM» брокерлік-экспедиторлық компаниясы жүктерді кедендік ресімдеу, сақтау мен тасымалдауды қоса алғанда сыртқы экономикалық қызметтің барлық салаларында қызметтер көрсету бойынша жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Жұмыс істеген уақытында біздің компания кедендік ресімдеу бойынша мыңдаған операцияларды жүзеге асырды. Біздің клиенттеріміздің пікірлері бойынша табыстың кепілі жоғары деңгейдегі сервис, кәсіпқойлық және икемді баға саясаты болып табылады. Бұл «ОГЕМ» компаниясы бірнеше жылдар бойы жаңа белестерді бағындырып, жұмыс істеп келе жатқан қағидаттары.
Біз ұсынатын сервис және қызмет көрсету сапасы біздің жоғары білікті мамандарымыздың кәсіпқойлығы мен адалдығына негізделген.
Біз болашаққа сеніммен қараймыз және ұзақ уақыт ынтымақтастыққа мүдделіміз, сондай-ақ сенімділік пен сапаның жоғары деңгейіне кепілдік береміз!
Бізбен жұмыс істеудің 5 артықшылығы
Қызметтердің кешенді сипаты
Біз кеңес беру мен құжаттарды дайындаудан бастап қоймалық сақтау мәселелерін шешуге дейін толық қызметтер спектрін ұсынамыз. Мұндай тәсіл екі тарапқа да ашықтыққа негізделген тұрақты әріптестік қатынастарды қамтамасыз етеді.
Клиенттік сервистің жоғары деңгейі
Біз әрбір клиентті құрметтейміз және бағалаймыз, әрбір әріптеске жеке көңіл бөле отырып, сервистің қажетті деңгейін қамтамасыз етеміз. Біз жұмысымыздың сапасына сын көзбен қараймыз, біз үшін өз абыройымыз қымбат.
Кәсіби мамандар
Біздің қызметкерлеріміз оқытудан өтіп, өз біліктіліктерін растаған. Біз өз клиенттерімізге кез келген күрделі мәселелер бойынша жауап ұсынуға әзірміз. Жоғары кәсіпқойлық – сіздің жүгіңіздің жылдам және сапалы ресімделуінің кепілі.
Жеделдік
Нарық сегментінде 2001 жылдан жұмыс істей отырып, біз СЭҚ мәселелері бойынша заңнама мен нормативтік актілердегі өзгерістерді мұқият қадағалаймыз. Біз барлық туындайтын мәселелерді жылдам және икемділікпен шешуді үйрендік.
Орынды бағалық тәсіл
Біздің бағаларымыз кедендік ресімдеу құнына, жеткізу тәсіліне, жүктің түріне, дайындалатын құжаттамалардың санына және басқа факторларға негізделген.