contact phone+7 (7252) 771-213, 770-904+7775-236-7700

Қоңырауға тапсырыс беру

Біздің мүмкіндіктеріміз – Сіздің бизнесіңіздің артықшылықтары!

Брокерлік – экспедиторлық қызметтердің толық спектрі.

Өтінім қалдырыңыз және маманның тегін кеңесін алыңыз!

Мұнайды және мұнай өнімдерін т/ж көлігімен жөнелту.

Өтінім қалдырыңыз және маманның тегін кеңесін алыңыз!

Кедендік қойма және уақытша сақтау қоймасы

Өтінім қалдырыңыз және маманның тегін кеңесін алыңыз!

Теміржол контейнер терминалы

Өтінім қалдырыңыз және маманның тегін кеңесін алыңыз!
Arrow
Arrow
Slider
Компания туралы

Компания туралы

Кедендік рәсімдердің барлық түрлері – жедел және кәсіби түрде

«ОГЕМ» компаниясы кедендік-брокерлік қызметтер нарығында МКМ Кеден комитеті берген 23.04.2001 жылғы №0000077 лицензия негізінде 2001 жылдың сәуір айынан бастап табысты жұмыс істейді. Осы кезеңде біз өзімізді сенімді және тәжірибелі әріптес ретінде таныттық. Біздің компания қызметінің кең спектріне кіретіндер:

  • 1. СЭҚ қатысушылары мен Кеден органы арасындағы делдалдық қызметтер.
  • 2. Кедендік-брокерлік қызметтерді орындау.
  • 3. Уақытша сақтау қоймаларын және кедендік қойма ұсыну.
  • 4. ТМД елдеріне темір жолмен экспедициялау, жүк жөнелту және мұнай мен мұнай өнімдерін экспортқа және Қазақстан бойынша терминалдық өңдеу.

Күшті материалдық-техникалық база, білікті мамандар штаты, брокерлік-экспедиторлық қызметтер саласындағы жоғары жеделдік – мұның бәрі бізге жоғары деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Шымкентте біздің базамыз бар, біз клиенттерге төмендегілерді ұсына аламыз::

  • Жалпы алаңы 15 532,3 ш.м. уақытша сақтау қоймалары және кедендік қойма.
  • Алаңы 7 986,3 ш.м. төрт жабық қойма
  • 300 автокөлікке арналған автотұрақ.

Біздің компания:

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасы орынбасарының 2020 жылғы 4 желтоқсандағы №451 бұйрығымен кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілді.
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті төрағасының 2020 жылғы 8 желтоқсандағы №351 бұйрығымен уақытша сақтау қоймасы иелерінің тізіліміне енгізілді.

Біздің мүмкіндіктеріміз Сіздің бизнесіңізге сөзсіз артықшылықтар береді!

Бізбен жұмыс істеудің 5 артықшылығы

Бізбен жұмыс істеудің 5 артықшылығы

Қызметтердің кешенді сипаты
Біз кеңес беру мен құжаттарды дайындаудан бастап қоймалық сақтау мәселелерін шешуге дейін толық қызметтер спектрін ұсынамыз. Мұндай тәсіл екі тарапқа да ашықтыққа негізделген тұрақты әріптестік қатынастарды қамтамасыз етеді.

Клиенттік сервистің жоғары деңгейі
Біз әрбір клиентті құрметтейміз және бағалаймыз, әрбір әріптеске жеке көңіл бөле отырып, сервистің қажетті деңгейін қамтамасыз етеміз. Біз жұмысымыздың сапасына сын көзбен қараймыз, біз үшін өз абыройымыз қымбат.

Кәсіби мамандар
Біздің қызметкерлеріміз оқытудан өтіп, өз біліктіліктерін растаған. Біз өз клиенттерімізге кез келген күрделі мәселелер бойынша жауап ұсынуға әзірміз. Жоғары кәсіпқойлық – сіздің жүгіңіздің жылдам және сапалы ресімделуінің кепілі.

Жеделдік
Нарық сегментінде 2001 жылдан жұмыс істей отырып, біз СЭҚ мәселелері бойынша заңнама мен нормативтік актілердегі өзгерістерді мұқият қадағалаймыз. Біз барлық туындайтын мәселелерді жылдам және икемділікпен шешуді үйрендік.

Орынды бағалық тәсіл
Біздің бағаларымыз кедендік ресімдеу құнына, жеткізу тәсіліне, жүктің түріне, дайындалатын құжаттамалардың санына және басқа факторларға негізделген.

Біздің мүмкіндіктеріміз Сіздің бизнесіңізге сөзсіз артықшылықтар береді!

Біздің қызметтеріміз

Сіздің сұрақтарыңыз қалды ма?

Өзіңіздің байланыс деректеріңізді қалдыруыңызды өтінеміз, біздің менеджер Сізбен жақын уақытта хабарласады.
1000 максимум символов