Брокерлік қызметтер
«OGEM» компаниясы тауарларды кедендік ресімдеу саласында брокерлік қызметтердің толық спектрін ұсынады:
- Барлық кедендік құжаттардың қағаз тасығыштарын сауатты толтыру/ресімдеу (ТД, ТД ЭК, КД, ССҚ, ККД, КҚД);
- Рұқсаттама құжаттардың барлық түрлерін сертификаттау бойынша қызметтер көрсету (СЭС, сауда-өнеркәсіп палатасы, ҰССО және т.б.);
- Жүкті және көлік құралдарын әртүрлі режимдерде ресімдеу
- СЭҚ ТН сәйкес кедендік құнды анықтау
- Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу және пластикалық карталардың көмегімен мерзімінде төлеу (посттерминалдық төлем);
- Кеңес берудің барлық түрлері.
Компания Атасу-Алашанькоу құбыр желісі бойынша мұнайды экспорттау қызметтерін көрсетеді.
Мамандар кедендік декларацияларды ресімдеу үшін мамандандырылған бағдарламалық қамсыздандырумен жұмыс істейді. Заманауи бағдарламалық кешен Компанияның барлық филиалдарында кедендік ресімдеу бойынша маманның әрбір жұмыс орындарында орнатылған, бұл кедендік құжаттаманы электронды түрде уақытында ресімдеуге, компанияның бас кеңсесі бухгалтериясына есеп беру үшін деректерді жылдам шоғырландыруға мүмкіндік береді.